Өткен сенбі күні Аудандық ішкі саясат бөлімінің және «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жақсықылыш кентінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жастар арасында «Адал жол» веломарафоны өткізілді.
Аталған шараға кент жастары белсене қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүйрік деп танылған Шындалы Алмас жүлделі I орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Қойшыбаев Кентай II орынды, Жамасеков Нұрталап III орынды иеленді.
Жарысқа қатысушы және жүлдегер спортшылар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<