– Әмірхан Ізбайырұлы, биыл, яғни осы 2025 жылы жаһандық деп аталатын 1941-1945 жылдар аралығындағы Герман-Кеңес соғысының аяқталғанына 80 жыл толады. Өзіңіз көпке танымал дәрігер-хирургсіз, ал әкеңіз осы соғысқа қатысқан майдангер деседі. Оған дейін қайда болған, нендей жұмыс істеген? Сол жайында ақпарат берсеңіз?
– Әкем 1918 жылы теңіз жағалауындағы шағын қыстақта дүниеге келген. Әуелі ауыл молдасынан дәріс алған.
Одан кейін үш жыл сауат ашу курсында оқыған. Жастай жұмысқа араласқан. Сексеуіл стансасында теміржолшылық міндет атқарған. 1939-жылдың басында, Герман-Кеңес соғысы басталмастан бұрын-ақ Отан алдындағы әскер борышын өтеуге аттанған. Алғаш рет Фин-Кеңес теке-тіресіне қатысып, Ленинградты қорғаған жауынгердің бірі.
– Апыр-ай ә? Ленинградты қорғаған дейсің бе? Оны қысқы соғыс (ЗимнЯя) деп атайды. 1939 жылы 30 қарашада басталып, 1940 жылдың 12 наурызында аяқталған. Кісі өлімі де болған. Аман-есен шыққан ба?
– Иә, Құдай сақтаған. Ленинград маңындағы 376-шы атқыштар дивизиясының 1948-полкінде болып, әскери міндетін өтеген. Одан соң сол 1940 жылы Прибалтика республикаларын кеңес үкіметіне қосу операциясында көзге түскен.
– Бұдан әрі, 1941 жылдың жазында Герман-Кеңес соғысы басталды. Елге қайтқан ба?
– Жоқ, қайдағы елге қайту? Бас-аяғы сау адам Ленинград, Эстония, Литва, Латвия қалаларын жаудан босату шайқасының да қақ ортасында жүрген. 1945 жылдың бастапқы айларының бірінде Рига түбіндегі соғыста ауыр жарақаттанып, госпитальға түскен. Әкем, жалпы төрт рет жарақат алған. Сол прибалтика майданында жүргенде «Даңқ» орденімен марапатталған. Жеңіс күнін де Ригада қарсы алған. Бұл мәліметтің бәрі Ресей федерациясы қорғаныс министрінің орталық архивінен келді.
– Ойпырай, не деген жанкештілік. Ленинград қаласы 900 күн-түн жаудың қоршауында болды. 1944 жылдың жазында ғана қоршаудан толық тазартылды. Ал Латвияның астанасы Рига 1944 жылдың қазан айында Прибалтика майданының (2-3 майдан) жауынгерлері азат етті. Тарих осылай дейді. Демек, әкеңіз Ізбайыр Шамалұлы Жүсіпов осы қанды жорықта ауыр жараланды. Арал қаласынан әкеңнің атына көше берілу рәсімін ерлікке тағзым деуге болады.
– Елге келіп, сырқатынан айыққасын жұмысқа қосылған болар?
– Иә, обаға қарсы күрес стансасында еңбек етті. Анамыз Маутай Молымбетқызымен бас қосып, бақуатты өмір сүрді.
– Сұхбат бергеніңізге көп-көп рақмет.
Шәкірат
ДӘРМАҒАМБЕТҰЛЫ,
дербес зейнеткер.
Арал қаласы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<