Әкімшілік сот 6 айда 300-ден астам іс қарады

653

0

Өткен жылдың шілде айында облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құрылды. 6 ай ішінде сот 339 іс қарады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова мәлімдеді.

Жаңадан ашылған сот азаматтар мен заңды тұлғалар, әкімшілік органдардың арасында туындаған жария-құқықтық даулар бойынша әкімшілік істерді қарайтын болды.

«6 айдың ішінде түскен істердің ең көп санаттары бойынша сараласақ, мемлекеттік сатып алу бойынша – 62 іс, жер дауы бойынша – 43 іс, сот орындаушыларының әрекетіне дау айту бойынша – 89 іс қаралған. Яғни облысымызда әрекеті жиі дауланатын лауазымды тұлғалар – жеке сот орындаушылары болатын болса, шешімдері жиі наразылық туындатып отырған сала – мемлекеттік сатып алу саласы боп табылады», – деді Жанат Әнуарқызы.

Сот барысында 6 әкімшілік іс медиация тәртібімен, 3 әкімшілік іс татуласу рәсімімен қаралып аяқталған.

«Айта кету қажет – істі татуласу рәсімдерімен аяқтау бойынша біздің көрсеткіштеріміз төмен болып тұр. Тараптар бітімге келуге ынталы емес, істің түпкілікті шешіммен аяқталғанын қалап тұрады. Сонымен қатар, істердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы істер мен салық даулары болғандықтан, мұндай санаттағы істерді бітіммен аяқтауға кедергі келтіретін өз себептері болуда. Одан бөлек, мемлекеттік сатып алу саласындағы дау бойынша бітім келісімін бекітудің сыбайлас жемқорлықпен ұштасу қаупі болады. Осы себепті аталған санаттағы істер бойынша бітім келісімдері жасалмай отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<