Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

958

0

Бүгінде Қара теңіздің жағалауында орналасқан Болгария елінің Пловдив қаласында грек-рим күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Дүбірлі додада еліміздің намысын №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі грек-рим күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы Самат Оспан қорғады. Бозкілемдегі бәсекеде әлемнің әр түкпірінен келген балуандар өзара мықтыны анықтады. Бұл сында жерлесіміз өзінің мықтылығын мойындатып, грек-рим күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды