Әлеуметтік саладағы цифрландыру – тиімділіктің жаңа қадамы

5

0

Фото: Ақорда

Әлеуметтік саланы цифрландыру – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Соңғы деректерге сәйкес, былтыр республикалық бюджеттің шамамен 40%-ы әлеуметтік салаға бөлінді, бірақ бұл қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалғаны әлі толық бағаланған жоқ.

Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыру міндеті қойылған. Осы жүйе арқылы әлеуметтік көмек шынымен мұқтаж адамдарға бағытталып беріледі. Қаржылай төлемақыдан бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана немесе білім алуға арналған ваучерлердің барлығы банк және төлем инфрақұрылымымен тығыз байланысқан «Әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Бұл тәжірибе барлық өңірлерде кеңінен қолданылып, жыл соңына дейін толық іске қосылуы тиіс. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің отандық Aitu мессенджерін тиісті деңгейде пайдаланбағанын атап өтті. Бұл қызмет мемлекеттік қызметкерлердің өзінде кеңінен қолданылмай отыр.

Жаңа бағыт ретінде ұсынылған EGov AI әмбебап жасанды интеллект-көмекшісі барлық азаматқа қолжетімді болмақ. Бұл жүйе біртіндеп Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын алмастыра алады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Әлеуметтік қолдау шараларын басқаратын инфрақұрылымды, яғни Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасын нақты айқындап алу қажеттігін атап өтті.