Аймақ дамуындағы айқындық

546

0

«Өзгерістер жолы:  Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының барлық бағыты бойынша «Nur Otan» фракциясының депутаттары әрбір орындалуға тиіс жұмыстарды қатаң бақылау арқылы өңіріміздегі жоспарланған жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Соның ішінде білім бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсем. Бұған дейін 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуын 81%-ке дейін жеткенін хабарлаған болатынмын. Қазіргі жетістік: облыс бойынша 669 ( 585 балабақша, 84 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Қазіргі кезде 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен 58604  бала қамтылып, меже  85,5  % құрап, жоспар орындалды.

Педагогтардың біліктілік санаттарын көтеру бойынша педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-мастер кадрлардың үлесін 57%-ке дейін арттыру көзделді. Қазіргі кезде облыс бойынша 18122 педагог бар. Оның ішінде санаты бойынша:  модератор – 3381, сарапшы- 4889, зерттеуші-3380, шебер-32, барлығы 11682 болып, 64,4% құрады.

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда кадрларды даярлау сапасын арттыру және дуальді оқыту қағидаттарын енгізу оқу процессін практикалық жұмыспен үйлестіру жоспарланды. 2020 жылы колледждерде мемлекеттік тапсырыспен білім алушы 12553 студенттің 2272 дуальды оқытумен қамтылып, көрсеткіш 20 процентке жетті.

Педагогтарды киберпедагогика мен қашықтан оқыту әдістемесі негіздері бойынша оқыту жоспарына орай, Қызылорда облысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығының  ұйымдастыруымен 2021 жылы 22 мектеп директорын, «Тиімді оқыту» бағдарламасы бойынша 52 педагогты және қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарынан 2330 педагогты оқыту қарастырылған.  Қазіргі таңда 12 мектеп директоры 9  айлық курс бойынша біліктілігін арттыруда және қысқа мерзімді курс бойынша 1630 педагог біліктілігін арттырды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарынан 1393 педагог оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда 911 педагог біліктілігін арттырды.

5 мемлекеттік колледж студенттерін, атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы С. Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжі, М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі, Қызылорда қаласындағы «Қызмет көрсету және сервис колледжі», Қармақшы ауданында Аграрлық-техникалық колледжі, Арал ауданында Көпсалалы колледжі жатақханалармен қамтамасыз ету жоспарланды. Сәйкесінше,ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда қаласында 400 орындық жатақхана пайдалануға беріліп, Қызылорда қаласындағы С. Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжі, М. Ықсанов атындағы политехникалық колледждерінің студенттерін қамтитын болады.

Сайлауалды бағдарлама бұл – халық алдындағы аманатқа адал болу, елге шын ниетпен қызмет ету.Сондықтан  бағдарламаны сапалы әрі уақтылы атқару біздің басты міндетіміз деп білемін.

Гүлнар Есқалиева,

 облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық Кеңес төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<