«Айқап» журналының қазақ тарихында алатын орны

584

0

Кеше Қызылорда «Болашақ» университетіндегі Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісханада «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Айқап журналының қазақ тарихындағы орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел аясында «Қазақ баспасөзінің қалыптасу тарихы» жайында Ж.Арықбай, «Айқап» журналының шығу тарихы» туралы А.Амангелді, «Айқап журналының жалынды жаршылары, олардың көтерген мәселелері» бойынша Б.Зарер, Б.Жайлаубаева, «М.Сералин өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында Ж.Кәдірова, Г.Кажденбекова өз ойларын ортаға салды. Оқытушы-профессорлар мен студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, қызу пікірталас болды.

Студенттер ғылыми-зерттеу еңбектерін оқып, соңғы Интернет ақпараттарын пайдаланып, өзіңдік пайымдаулар мен қорытындылар жасады. Нәтижесінде жалпы қазақ баспасөзінің, соның ішінде «Айқап» журналының қазақ тарихында алатын орнын көрсетті. Оқытушы-профессорлар тарапынан да тың деректер айтылды. Дөңгелек үстел жұмысына журналист, аға оқытушы А.Шалғынбаева, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, «Әлімсақ» журналының бас редакторы Н.Көбегенұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Тайманова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Нұрсұлтанқызы, аға оқытушы Ж.Әбенова қатысты.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<