Актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды

342

0

Фото: Сырдария ауданы

Бүгін аудан әкімі Б.Сәрменбаев актив отырысында кадрлық өзгерістерді таныстырып, бүгінге дейін «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің директоры қызметін атқарып келген Болат Бисенбаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған жұмысына алғыс білдірді.

– Болат Берікұлы, «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ директоры қызметін атқарып, сала жұмысын жандандыруға еңбек етті. Аз ғана уақыт болса да өзінің іскерлік қабілетін көрсетті. Алдағы қызметіне сәттілік тілеймін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан басшысы Б.Бисенбаевты «Алғыс хатпен» марапаттады. Мұнан соң аудан активіне «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ директоры таныстырылды. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының бұйрығымен Болатбек Ұлтанбекұлы мекеме директоры болып тағайындалды.

Болатбек Ұлтанбекұлы 1979 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Экология» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде орман күтуші болып бастаған. Әр жылдары мекемеде орман шебері, орман шаруашылығы жөніндегі инженер, «Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-де орман күзету және қорғау жөніндегі орман патолог инженері, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап бүгінге дейін «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ директорының орынбасары қызметін атқарып келді.

Аудан әкімі Болатбек Ұлтанбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, аудан дамуына қызмет ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев кадрлық өзгерістерге байланысты өзінің құттықтауын жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<