Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында жантүршігерлік жол апатын жасады деп айыпталған Ілияс Карға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі.
Судья Ілияс Карды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіпсіздігі минимал мекемеде жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар, ол көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды.
Сондай-ақ, сот жапа шеккен төрт тарапқа айыпталушыдан моралдық шығын ретінде әрқайсысына үш миллион теңге беруді тағайындады. Осыған дейін, олар 10 миллионнан сұраған еді.
Оқиға 2018 жылы 29 желтоқсанда болды. Mercedes Gelandewagen автомобилін жүргізген Ілияс Кар Mitsubishi Galant көлігін соққан. Нәтижесінде 33 жастағы жүргізуші Бақытнұр Құнапияұлы, 45 жастағы Шолпан Елгезекова және 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапты. 41 жастағы Айзада Сатыбалдиева ауыр халде емханаға жеткізілген.
Айта кетейік, осыған дейін жол апатын жасаған Ілияс Карды прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ол Шакир Джумазовқа да қатысты шешім қабылдауды сұраған, себебі ол куәгер ретінде жол апаты болған күні айыпталушының ішімдік ішпегенін айтқан. Алмалы аудандық соты жантүршігерлік жол апатына кінәлі деп айыпталған Ілияс Кардың мүлкіне тыйым салды. Сот ісін қарау барысында, Елгезековадан 14 300 000 теңге моралдық айыппұл өндіру туралы арыз түсті. Арызда ол Кардың дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған. Сот арызды қабылдады.
Ілияс Кардың өкілдері сот шешімінің алдында Хамитовтың отбасынан басқа барлық жақтың материалдық шығындарын өтеген. Алматыда актриса қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты Сотталушы көлік жүргізуде 15 жылдық тәжірибесі бар екенін және жол-көлік оқиғасына бұрын-соңды түсіп көрмегенін атап өтті. Жол-көлік оқиғасы алдында ол мейрамхана мен караокеде болғанын, бірақ ішімдік ішпегенін айтты. Оның айтуынша, ол онкологиялық ауруға шалдыққан. Кейін ол не үшін жол-көлік оқиғасынан орнынан кетіп қалғанын айтып берген еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<