ҚАЛА МҰҒАЛІМДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮНДЕ БАС ҚОСТЫ

363

0

ҚАЛА МҰҒАЛІМДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮНДЕ БАС ҚОСТЫ Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 200 жуық мұғалімдері Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткен әдістемелік күнде педагогикалық тәжірибелерін жақсартты.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес педагог тәжірибесіне жаңашылдықтар енгізу мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебі кезекті тәжірибе тарату семинарын өткізді. Шараға қаладағы 54 жалпы білім беретін мектептің 200 тарта физикалық-математикалық бағыттағы және ән-әуез, өнер пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның ашылуында қатысушыларға «Сабақ барысында ақпараттар мен жұмыс ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында интер белсенді таныстырылым ұсынылып, оқу материалдарының интенсивті меңгерілуіне АКТ қолданудың мүмкіндіктері мен пайдалы сілтемелер мен ресурстар тізімі көрсетілді. ҚАЛА МҰҒАЛІМДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮНДЕ БАС ҚОСТЫ 
Пәндер бойынша бөлініп, қатысушылар зияткерлік мектептің мамандары өткізген ашық сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды. Мұғалімдер пән бойынша жаңа тақырыпты түсіндірудің заманауи тәсілдері мен жекелеген, топтық жұмыстарды ұйымдастыру әдістерімен танысты. Оқушыларды бағалау үдерісі кезіңде тәжірибелерінде туындаған сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, қатысушылар педагогикалық тәжірибелерін жақсарту үшін рефлексия жүргізу жолдарын өзара талқылап, тәжірибелі мамандардан сабақты тиімді жоспарлау бойынша әдістемелік көмек алды.

ҚАЛА МҰҒАЛІМДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮНДЕ БАС ҚОСТЫ 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<