Қалалық семинар өтті

1447

0

Қалалық семинар өтті Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде «Рухани құндылықтарды дамытуда лицей сыныптарындағы жаратылыстану пәндерін интеграциялаудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты: Өскелең ұрпаққа нәтижеге бағытталған сапалы білім беру, рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыту. Қазіргі білім беруді ізгілендірудің негізі ретінде жаратылыстану пәндерден жалпыадамзаттық ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, қиямет жасамау құндылықтарының мәнін ашу.
Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Қуанышқызы және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Бағдарламаға сәйкес ұйымдастыру бөлімі, көрме, практикалық бөлім және қорытынды бөлімдері кезегімен жүргізілді. Ұйымдастыру кезеңінде Айнұр Қуанышқызы мен мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлжахан Сағындыққызы алғы сөз сөйледі, көрмеге мектеп-лицей мұғалімдерінің сабақтарда қолданып жүрген көрнекілік құралдары және партфолиолары қойылды.
Одан кейін келген қонақтар ашық сабақтарға қатысып тәжірибе алмасты. Семинар соңында қонақтар жүргізілген жұмыстарға кері байланыстар берді. Өткізілген жұмыстардың тиімді, шынайы болғандығын, алдағы уақытта өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, бір-біріне келешек жұмыстарына шығармашылық табыс тілеп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<