Бүгін Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы бірнеше көшенің жаңа атауы бекітілді.
Алматыда 160-тан аса көшенің жаңа атауы бекітілді.
“Көше атауларын өзгертудің бірден-бір себебі – олардың қайталана беретіні”, – деп түсіндірді қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев.
Жаңа атаулар бекітілген соң қалада Батырхан Шүкенов, Әбіш Кекілбаев және Фариза Оңғарсынова атындағы көшелер пайда болды.
Еске салайық, биыл мамыр айында Алматы мәслихатының комиссиясы 164 көшенің атауын өзгертуді ұсынған болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<