Аманаттықтар сайлауда алғаш дауыс беретін жастармен кездесті

412

0

Аманаттықтар сайлауда алғаш дауыс беретін жастармен кездесті Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін сырбойылық 18 жастағы тұрғындармен Қызылорда облыстық «Аманат» Азаматтық Платформасы өкілдері облыстық сайлау комиссиясымен бірлесе кездесу өткізді. 
Кездесу Қызылорда облыстық «Аманат» АП штабында және Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде өтті. Облыстық саулау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов Қазақстан Президенті сайлауын өткізу барысын, дауыс беру тәртібі, 2019 жылғы сайлаудың ерекшеліктері туралы толық мәлімет берді. Еліміздің барлық аймағында дауыс беру мүмкіндігі бар екендігіне ерекше тоқталып, айтылды. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қожамжар Наурызбаев студенттерді дауыс беру күніндегі сайлау учаскелерінің жұмыс барысымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Жастармен кездесуде аманаттықтар арнайы әзірлеген ақпараттық парақшалар таратып, алдағы сайлауға қатысуға шақырды.
Анықтама үшін: 2016 жылғы бүкілхалықтық сайлаудан бері дауыс беруге алғаш қатысатын сайлаушылардың саны 32159 адам, биылғы сайлауға 18-ге толып алғаш қатысатын жас сайлаушылардың саны 9530 адам.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<