Анамның ақылы

1881

0

Анамның ақылы«Қызым, саған айтар ақылым бар. Әрбір сөзімді құлағыңа құйып, өмірде қолданарсың. Ширек ғасырды сүрдім. Өмір түзу және бұралаң жолдардан тұрады. Соның дұрысын таңдап, таза боп жүр. Еңсеңді биік ұста». Иә, мен анамның ақылын жадымнан әсте шығарған емеспін. Енді соларды жіпке тізгендей етіп айтып берейін.
* Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсет! Көргені көп адамның ақылын тыңдау керек. Себебі, әр адам өзінің басынан өткермейінше ештеңені сезінбейді. Ал сен сол адамның ақылын тыңдасаң, жерде қалмайсың.
* Жауапкершілігің мен сыйластығың мол болсын! Жауапкершілік сенің тиянақтылығың мен ісіңе деген адалдығыңды білдіреді. Әрбір адамды қызметіне емес, адамдығына қарап сыйлай, бағалай біл.
* Ешқашан өркөкірек болма! Адамдарды менсінбеу – қателіктің сорақысы. Адамдардың барлығы Алланың алдында бірдей екенін естен шығарма.
* Мақтаншақ болма! Өйткені ондай адамдардың ортаға сыйып кетуі қиын. Сенде бардың барлығы оларда да бар.
* Адал бол! Алтыным, ақ жолдан айнымай, адал бола біл. Ондай адамдардың жанында әділеттік әрдайым бой көрсетеді.
* Егер менің айтқандарымның астарын түсінер болсаң, болашағың жарқын болады. Тағдыр деген тайғақта адаспай жол табасың.
Міне, осылайша анамның ақылын бірінен соң бірін қойын дәптеріме жазып қойдым. Күнде оқып, санама тоқимын. Рухани байып, өзіме нәр алатын сиқырлы сөздерім – осы.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<