АПТА АҒЫМЫ

583

0

Фото: Ашық дереккөз

Тұрғындар ұсынысы партиялық бақылауға алынды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова,  партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, депутаттық фракция мүшелері және жергілікті жауапты органдар өкілдерімен бірге КБИ мөлтек ауданы және Қорқыт Ата 16-ы, 18-і көшелері тұрғындарының кәріз жүйесі, электр желісіне қатысты өтініштері бойынша мониторинг жасады.

Тұрғындар тілегі бойынша тақырыптық қабылдау өткізілді

Қызылорда қаласының КБИ мөлтек ауданында орналасқан екі қабатты көппәтерлі үйлердің және Қорқыт ата 16, 18 көшелері тұрғындарының өтініштері бойынша тақырыптық қабылдау ұйымдастырылып, кәріз жүйесіне қатысты мәселе оң шешімін табатын болды. Сондай-ақ электр желісі бойынша тиісті ұсыныс беріліп, бюджеттік өтінім жасауға қажетті алғышарттар басталғаны түсіндірілді.

Тақырыптық қабылдауға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, қалалық мәслихат депутаты Әбдіғабит Әбләзім және құзырлы органдар өкілдері және  тұрғындар қатысты.

«Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті

Жалағаш ауданында партияның облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Онда «Жер аманаты» жобасы аясында заңсыз, пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, қайтарылған жерлердің халыққа әділ бөлінуі, жайылымдық жер мәселесі кеңінен талқыланып,  аудан әкімі орынбасарының есебі тыңдалды.

Жиынға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері, аудан әкімінің орынбасары, жауапты орган өкілдері қатысты.

Мәжіліс депутаттарының өңірге  жұмыс сапары басталды

Апта барысында өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен барлық аудандарда болып, жаңадан бой көтеріп жатқан түрлі әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Өңірде партияның Сайлауалды бағдарламасы мен «Ауыл аманаты» жобасының орындалуына көз жеткізді. Тұрғындармен кездесіп, талап – тілектерін тыңдады. Партия алаңдарында қоғамдық қабылдау өткізіп, кейбір республикалық  деңгейде шешілетін өзекті мәселелерді бақылауға алды.

Тұрғындар өтініштері қанағаттандырылды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан  Апетов,  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы, облыстық мәслихаттағы  депутаттық фракция мүшесі Ержан Искендер және «Бітім» медиация орталығының кәсіби медиаторы, заңгер Қыдырбек Рашов қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдауларға 8 азамат келіп, 5 өтініш оң шешілді. 3 өтініш иесіне құқықтық кеңес берілді.

Аумақтық филиалдар тынысы

Партияның Арал аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Кедергісіз келешек» жоба аясында  аудандағы әлеуметтік нысандарының ерекше қажеттілігі бар жандар үшін бейімділігіне мониторинг жүргізсе, Қармақшы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы ауданның тиісті сала мамандарымен бірге  Жосалы кентіндегі «Алтын Орда», «Ұлар», «Айткүл» сауда орындарындағы азық – түлік бағамына бақылау жасады. 

Партияның Қызылорда қалалық филиалының Саяси кеңесі және Саяси кеңесі Бюросының бірлескен отырысы өтіп, онда қалаға қарасты Қарауылтөбе, Ақжарма ауылдық округтері мен Белкөл кенті бойынша  әлеуметтік-экономикалық өсу қарқыны мен білім, денсаулық, әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерінің іске асуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша әкімдерінің есебі тыңдалды.

 «Таза Қазақстан» жобасы аясында партияның Арал аудандық филиалының белсенділері, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, «Жастар Рухы» Жастар қанаты еріктілері «Самара-Шымкент» тас жолының аудан үстінен өтетін бөлігі жиегіне тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

«Ұлттық мұра» партиялық  жобасы аясында  «Ұлттық домбыра» күні мерекесіне орай аралдық партияластар «Ән мен күй, жырдың киесі, қасиетті қара домбыра» атты жыр кешін ұйымдастырса, партияның Байқоңыр филиалының «Жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Қылыштан өткір, құрыштан берік – домбыра» домбыра-party шарасы өтті.

Партияның «Жастар Рухы» Жастар қанатымен «Ұлттық домбыра» күніне орай орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған кәсіби және әуесқой домбырашылармен шеберлік кеші ұйымдастырылды. 

Аталмыш шаралар барысында  ұлттық мұраның терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі насихатталды.

«Ерікті көмекке» қызу желісі жобасы аясында түскен өтініш бойынша «Жастар Рухы» Жастар қанатының еріктілері жалғызбасты зейнеткердің ауласына тазарту жұмыстарын жүргізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<