«AMANAT»: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БІРНЕШЕ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында «Қызылорда- Жезқазған» жолы пайдалануға берілді. Мұнан бөлек Қызылорда қаласындағы СПМК-70 шағын ауданында 1500 орындық «Келешек мектебінің» ашылса, Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылы табиғи газға қосылып, Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 50 пәтерлік 25 жаңа үй табысталды.
Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев қатысты.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – МЕМЛЕКЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС ТІРЕГІ
Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартайдың қатысуымен партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.
Кеңес отырысында Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиямен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 ж.ж. арналған тұжырымдамасының аймақта 2025 жылы іске асырылу барысы қаралды.
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ТОЗУ ДЕҢГЕЙІ 60,9 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Аптада партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.
Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов, тиісті басқарма өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.
Отырыста партияның Сайлауалды бағдарламасында көзделген азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыста су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешенін іске асыру және №62 тармағындағы Электр желілерінің тозу деңгейі 69%-дан 65%-ға дейін төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ: СЫРДАРИЯЛЫҚТАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Жұмыс аптасында Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағанбетов ауылында және Тереңөзек кентінде мобильді қабылдау өтті.
Қабылдауға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы фракциясының төрағасы Жорабек Нұрымбетов, фракция мүшесі Жұмабек Ембергенов және тиісті басқарманың өкілдері арнайы қатысты.
Жалпы мұнда ұйымдастырылған мобильді қабылдауға 40-қа жуық тұрғын келді. Тұрғындар әсіресе газдандыру, жол жөндеу, ойын алаңын салу, аяқ су мәселесін шешу, жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу мәселелері мен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өтініш тілектерін білдірді.
«CP OPEN CUP ІІІ – 2025» СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы, «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы, «GRAND Master» бағдарламалау мектебі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті бірлесіп, 10-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «СP Open Cup ІІІ – 2025» спорттық бағдарламалау олимпиадасы өтті.
Жастар арасында IT саласының маңыздылығын насихаттау және қызығушылықтарын арттыруға бағытталған бұл олимпиада биыл өңірде үшінші рет өтіп, 60 – қа жуық команда қатысты.
3 сағат ішінде алгоритмдік есептерді шешіп, өзгелерден дара шапқан Білім инновациялық лицейінің оқушылары Ерғұлан Махмұд пен Марат Ибрахим бас жүлдені иеленіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне 2 білім гранты мен арнайы кубокты жеңіп алды.
Сонымен қатар, І орынды – Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балалар мектебінің оқушылары Батыр Русланұлы мен Нұрымжан Жұман, ІІ орынды – Білім инновациялық лицейінің оқушылары Еркебұлан Жолдыбаев пен Батыржан Аманбек және ІІІ орынды – 125 high school Qyzylorda мектебінің оқушылары Мұхамедсадық Олжабек пен Нұрмұрат Нұрлыбай жеңіп алды.
І, ІІ және ІІІ орын иелеріне арнайы дипломдар мен кубок, медаль және бағалы сыйлықтар үйлестірілді. Сонымен қатар үздік болған оқушыларға «Алғыс хат» пен сыйлықтар табысталды.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКО АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында және «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты, Қызылорда медициналық жоғары колледжі мен Қызылорда облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп, Сырдария өзенінен Қызылорда қаласы сол жағалауына өтетін аспалы көпір және өзен жағасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылар тазылық пен қатар вандализм мен есірткіге қарсы бүлінген және жарнама жазылған қабырғалардағы жазуларды өшірді.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысты. Ол «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы мен «Есірткіге жол жоқ», «Вандализмге жол жоқ» акцияларының маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға, жастарды бұрыс қылықтардан қашық болуға шақырды.
Тазалық шарасына 70 ке жуық ерікті қатысты. Олар аспалы көпір астындағы Сырдария өзенінің жағасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, граффити жазбаларын жою бойынша жұмыстар жасады.
ТАЗА БЕЙСЕНБІ: «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҮРГІЗІЛДІ
Партияның «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аптада партия мүшелерінің қатысуымен Сырдария ауданында ұйымдастырылды.
Акция шеңберінде Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентіндегі А.Иманов көшесінің бойындағы «Жастар» аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 50-ге жуық адам қатысып, аллея тазартылды. Айта кету керек, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аудан орталығынан бөлек ауылдық округтерде де өткізілді.
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
Жұмыс аптасында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Мақсұт Нәлібаев, фракция мүшелері Балжан Шәменова және Нұркен Бақытбекұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық басқармасының басшысы Усаин Медет қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.
Қабылдауға 31 азамат өтінішпен келіп, олардың 13 оң шешімін тапты. 10 мәселе бойынша кеңестер беріліп, 8 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.





