10 наурыз күні дүкен менеджері келушілердің бірінің телефонмен сөйлесіп, қатты қобалжып тұрғанын байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жігіттің телефон арқылы алаяқтармен сөйлесіп жатыр деп болжаған ол әңгімеге араласқан. Ер адам расымен, алаяқтарға 10 миллион теңге аудармақ болған.
Сондай-ақ ол алаяқтарға сұраған ақшасын беру үшін ата-анасы отбасылық мерекеге дайындап қойған барлық алтын әшекейлерді сатпақ болған. Соның өзінде жігіт алаяқтарға 800 мың теңге аударып үлгерген.
Келтірілетін шығынның алдын алу үшін менеджер бірден “102” пультіне қоңырау шалды. Полиция келгенге дейін ол келушіні белгісіз адамдармен сөйлеспейге, олардың нұсқауларын орындамауға көндірді. Осылайша алаяқтардың арам пиғылын іске асыруға кедергі жасады. Нәтижесінде жәбірленушінің шамамен 9,2 миллион теңге көлеміндегі ақшасы мен мүлкі сақталды.






