Меценат ауылға \»Тағзым алаңын\» салып берді

480

0

Меценат ауылға \"Тағзым алаңын\" салып берді Кеше, Қарауылтөбе ауылында аймағымыздың белді кәсіпкері, жомарт азамат Алшынбаев Сейтқали Бегманұлының 10 млн теңге қаржылай демеушілігіміен салынған «Тағзым алаңы» салтанатты түрде табысталды.
Бұл игілікті шара, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда, аймақ басшысының тікелей бастамасымен бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ұйымдастырылған.
«Тағзым алаңының» ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы қатысып, Сейтқали Бегманұлына және осы игілікті іске атсалысқан барлық азаматтарға дүйім жұрттың және қала әкімінің атынан алғысын жеткізіп, ауыл тұрғындарын құттықтады.
Ауыл орталығындағы 8 соттық жерге орналасқан «Тағзым алаңында» ерлігі елге дастан осы топырақтан майданға аттанған 68 майдангердің және жеңісті жақындату жолында ерен еңбегімен еленген 13 тыл ардагерлерінің есімдері мәрмәр тасқа қашап жазылған.
Жалпы, Қарауылтөбе ауылдық округінен Ұлы Отан соғысына 68 майдангерлеріміз аттанса, олардан 25 жеңімпаз әкелеріміз елге оралып, 43 боздақтарымызға туған жердің топырағы бұйырмады. Ал бүгінде, осы ауылда Ұлы Жеңісті жақындату жолында еңбегімен ерлеген 13 тыл ардагері бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<