Ғалым бұған дейін Қытайдағы №1 архивіне түсіп, қазақ хандығына қатысты құжаттар мен тарихын зерттеген. Абылай ханның Цин патшалығына жазған хаттарын жинақтап кітап шығарған болатын. Қазір де сол жұмыстың жалғасы ретінде 18-19 ғасырдағы қазақ хан-сұлтандарының хаттарын екінші кітап етіп шығарумен айналысып жатыр. Тарихшы ескі қазақ жазба тіліндегі құжаттардың мәнжүр тіліндегі аудармасын тауып, салыстырып жатқанын айтады. Осы жұмыстар «Архив 2025» жобасына да өзіндік септігін тигізетініне сенеді.
Дүйсенәлі Әбділәшімұлы, тарих ғылымдарының докторы, Бейжің Орталық ұлттар университетінің доценті:
– Дүниедегі архив қорларын қазу, оның қазақ мәдениеті мен тарихына қатысты жақсы тұстарын алып шығу – үлкен жұмыс.





