Арулардың анасы

382

0

Арулардың анасы Қызылордалық Талғат Хусан­ұлының отбасында бү­гінде бес қызғалдақ өсіп келеді. Олардың алды он бір жаста болса, ең кішісі – алты айлық. Ерлі-зайыпты Талғат пен Гүлнұр «барымыз да, бағымыз да – осы бесеуі» дейді. 

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Қазақ­тың қанатты сөзі әр баланың өз несібесі болатынын айғақ­тайды. Қармақшылық Гүлнұр жиырма жасында тұрмысқа шықты. Бірақ өзі де, жолдасы да көпбалалы отбасынан емес. Қатарынан бес қызды дүниеге әкелгенін кейіпкеріміз тағдырдың сыйы ретінде қабыл­дайды. Өйткені балалы үйге бақ қонатыны белгілі.

– Қыз бала әдетте әкеге жақын болады. Біздің үйде де солай. Әкелері жұмыстан келгенде бірінен кейін бірі мойнына асылып, шаршағанын ұмыттырып жібереді. Ал ана болу – оның қасында екі есе бақыт, – дейді замандасымыз.

Гүлнұр өзі үшін қыз тәр­биесі аса қиындық келтір­мейтінін айтады. Өйткені олар аналарының айтқанын екі етпейді. Үй шаруасына үнемі қолғабыс жасап жүреді. Оқу үлгерімдері де өте жақсы.

– Үлкен қызым спортқа жақын. Бірі есеп-қисапқа жүй­рік, бірі дәрігер болуды қалайды. Бала болған соң арман­дары көп. Қандай мамандық иесі болса да, бастысы, адам қалпынан айнымаса екен, – дейді Талғат.

Назерке САНИЯЗОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<