Ассамблея өкілдері Қостанайға қолдау білдірді

981

0

Қостанайда болған алапат өрт бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Осы ретте ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып қайырымдылық жасауға Сыр өңіріндегі ассамблея өкілдері де белсенділік танытты. Қызылорда облысындағы этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, Волонтерлар орталығының мүшелері және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де біртұтас елдіктің шынайы үлгісін көрсетіп, Қостанай өңіріндегі ағайынның ауыртпалығын бөлісіп, көп болып көмектесті.

5 қыркүйекте ашылған жинаққа 600 мың теңге қаржылай қайырымдылық көмек жинастырылып, тиісті есепшотқа аударылды. Сауапты іс жасап, жәрдем берген дүйім жұртқа алғыс білдіреміз.

Қиындықтың арты қуанышқа айналсын деп тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<