Алматыдағы стадионда өткен ойында «Астана» футбол клубы «Ақтөбені» жеңіп, чемпиондыққа жақындай түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Астана» – «Ақтөбе» матчымен Қазақстан премьер-лигасының 24-турындағы ойындары аяқталды. «Астана» қарсылас команданы 2:0 есебімен ұтты. Айта кетейік, ойындағы қос голдың авторы – Камара мен Грипши. Екі гол да бірінші таймда соғылды.
«Астана» футбол клубы осы матч үшін Конференция лигасындағы ойынын құрбандыққа шалғанын айта кеткен жөн. Чемпиондыққа жақындаған сайын елорда клубы бар күшті ҚПЛ-ға салып жатыр.
«Астана» чемпион атану үшін «Атырау», «Тобыл» және «Жетісу» командаларын жеңуі керек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<