Қаңтардағы аптап пен мамырдағы қар. Эколог елімізде ауа райы неге құбылмалы екенін түсіндірді (видео)

465

0

Қаңтардағы аптап пен мамырдағы қар. Эколог елімізде ауа райы неге құбылмалы екенін түсіндірді (видео) Соңғы жылдары климаттың өзгеруі антропогендік сипатта болып, елімізде кенеттен табиғат өзгерістері мен катаклизмдер жиі болады. Осындай ойды Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының директоры қызметін атқарушы Ескендір Абдуллаев айтты, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  
Маманның табиғи өзгерістерге қазірден дайын болу керектін айтады.  «Климаттың өзгеруі – бұл тек ауа температурасының төмен түсіп не жоғарылуы емес. Бұл дегеніміз климаттың барлық тұтастығы, оның ішінде табиғи құбылыстар да бар. Яғни көп жылдар бойы қалыптасқан трендтің ауытқуы. XX ғасырдың соңында және XXI ғасырда болған өзгерістер жаратылыс құбылысына қатысы жоқ, ол – антропогендік сипаттан болған. Атмосфераға тараған көмірқышқыл газының мөлшері көбеюінен, әрине, барлық ауа райының факторы өзгереді», – деді Абдуллаев.  
Оның айтуынша, мамандар ортаазиялық өңірге қатысты маңызды болжамдар жасаған.  «Олар біздегі климатта нақты өзгерістер болатынын айтады. Жаз мезгілінде ауа температурасының төмендеуі, біздің территориямыздағы бір жерде судың азаюынан. Керісінше қысты күні ауа температурасының көтерілуі климаттық құбылыстарға әкеп соққан, біздің елдің ауа райына мұндай құбылыстар жат болған. Су ресурстары едәуір зардап шегеді – су қоры атмосфералық жауыннан болады – жаңбыр және қар. Осы орайда су ресурстары бірінші болып зардап шегетінін күтуге болады. Олардың мөлшері керек кезінде азайып, керісінше су деңгейі қатты көтерілуі де мүмкін. Сол себепті біріншіден су ресуртарына қарау керек», – дейді маман.  
Абдуллаевтың айтуынша, таулардың экожүйесінде де мәселе туындап, суармалы жерлер зардап шегеді. Жазық дала мен шөлді аймақтардың территориясы кеңейеді.  Сонымен қатар, ол Астанадағы дауылға қатысты, Алматыдағы мамырда түскен қарды «климаттың өзгеруі» деген баға беруге ерте екенін және зерттеу базаларының жеткіліксіз екенін айтады.  
«Биыл дауыл мен жел өте көп, бірақ қысқамерзімді құбылыстар кездейсоқ болуы да мүмкін. Сол себепті біз ғылыми негіздерге қарап, трендтерге назар аударуымыз қажет. Астанадағы дауыл мен басқа да құбылыстардың климаттың өзгеруі деп айту мен үшін өте қиын. Бұл климаттың өзгеруінің белгісі, иә. Алайда бұл бір ғана жағдай, оларға назар аудару қажет, ғалымдарды жұмылдырып, мұның неден болып жатқанын анықтау қажет», – деді ол.
Абдуллаевтың айтуынша, ауа температурасының аномальды болуына және жауын-шашынның өңірде көп түсуіне  қатысты болжамдардың жасалмағанына көп уақыт өткен.  «Қазіргі қолда бар болжамдарды ғалымдар біздің әлі де дұрыс болжай алмайтынымыз жайлы айтып жатыр. Тек климаттың өзгеруі емес, микроклимат тарапынан да осылай», – деді ол.
 Абдуллаев климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізу бір ғана мемлекеттің қолынан келмейді дейді. Қазақстанда азық-түлік тапшылығы болмауы үшін, біз тек өзгерістерген ауыл шаруашылығын бейімдеуді қолға ала аламыз.  Жаһандық масштабта, оның айтуынша, адамзат залалсыз қуат көзін пайдалануды қолға алуы тиіс, ауаға таралатын зиянды заттарды азайту, ормандарды кесу немесе сол ауа райына бейімделіп, дауыл мен су тасқынына төтеп беретін үйлер салу қажет.  
«Қазір ынтымақтастықтың арқасында жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы біз жыл сайын климаттың өзгеруіне байланысты Ортаазиялық конференция өткізіп тұрамыз. Экологиялық форумдар. Өткен жылы форум Түркіменстанда өтті. Биыл 5-8 маусымда Ташкентте өтеді. Байланыс бар. Біз мұндай мәселемен күресуге бір ғана елдің шамасы жетпейтінін түсінеміз», – деді Ескендір Абдуллаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<