Атракциондар қауіпсіздігі басты назарда

421

0

Атракциондар қауіпсіздігі басты назарда Соңғы уақытта аттракциондарға қатысты балалардың өлімімен және олардың жарақат алуымен жазатайым оқиғалар жиілеп кетті. Орын алған жағдайлардың себептерінің бірі аттракциондарды, оның ішінде үрлемелі жабдықты пайдалану кезіндегі белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалмауы болып табылады.
Осыған орай, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 2019 жылғы 6 маусымда мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (Ішкі істер, Ұлттық экономика, Әділет, Энергетика, Денсаулық сақтау министрліктері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының) қатысуымен өткен Ғылыми-техникалық комиссияның отырысында келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аттракциондар мен үрлемелі жабдықты техникалық күтіп-ұстауға және авариясыз пайдалануға қойылатын негізгі ұйымдастырушылық және техникалық талаптарды белгілейтін «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандарты қабылданды (2019 жылғы 10 маусымдағы № 214-од бұйрығымен), ол 2019 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық стандартқа міндетті түрде қолдану мәртебесін беру үшін, ойын – сауық демалыс (аттракциондар) объектілерін ұсыну жөніндегі қызметті көрсететін кәсіпкерлердің оны одан әрі сақтауы үшін аталған стандартты нормативтік құқықтық қаулыларға немесе әкімдіктердің нормативтік құқықтық шешімдеріне енгізу қажет (Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 7-ші бабының 2-ші тармағы,9 тармақшасы).
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп, мемлекетті органдар, жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жоғарыда аталған стандарт талаптарын түсіндіру мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган- әкімдікпен қабылданған ұлттық стандартқа сілтеме жасап, тиісті нормативтік құқықтық акті қабылдау (аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдау,тиісті мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілік саласын бекіту) шаралары атқару мүмкіндіктері қарастырылуда.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<