Атырауда аптап ыстық: тұрғындар тас үстіне жұмыртқа қуырды

381

0

Атырауда аптап ыстық: тұрғындар тас үстіне жұмыртқа қуырды Атыраулық тұрғындар аптап ыстықта далаға жұмыртқа қуырып, эксперимент жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Әлеуметтік желідегі бейнежазбада көрсетілгендей, атыраулық тұрғындар бірінен соң бірі, күннің ыстығын көрсету үшін ерекше тәжірибе жасап, далада жұмыртқа қуырған сәтімен бөліскен.

«Мына аптап ыстықта 10 немесе 20 минутта есік алдындағы кафельге табаны қойып, жұмыртқа пісіруге болады екен», – деп әзілдейді эксперимент авторы.

Айта кетейік, Атырауда аптап ыстыққа байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өте қатты ыстық болатынын айтып, ескерту жариялаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<