Кеше Шиелі ауданының орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Халықаралық жастар күніне орай, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аудан жастарының қатысуымен жастар ойын-сауық кеші өтті.
Шара қазақы нақышта дайындалған киіз үй маңында өнерпаз жастар ұллтық өнерді ұлықтар керемет шара ұсынды. Аталған шараның тізгінін Ы.Қаппаров алып жастарға демеу беріп, жүргізді. Жастар бастамасымен болған шараға аудан әкімінің орынбасары Б. Жаниязов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова және белсенді жастар, аудан тұрғындары қатысты.
Шара барсынында республикаға белгілі ақын Ержан Әміров, Талғат Күзембаевтар айтыс өнерін көрсетіп, астарлы қалжыңмен, сөз құдіретін көрсетсе, Нартай мектебінің ұстазы Нұртілек Ақтаев өзінің шәкірттерімен Нартай бабамыздың термелерін шырқады.
Ұлттық өнердің бағасын білетін халық қошеметін көрсетіп екі сағатқа созылған іс-шарада әр өнерпазды бағалап, ерекше құрмет көрсетті. Мереке соңында ақындарға шапан жабылып, ақсақалдар жас жеткіншек өнерпаздарға батасын берді.
Сондай-ақ, аудан жастарының қатысуымен жастар марафоны өтті. Марафонға аудандық емхана, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары, спортшы жастар, ерікті жастардан 100-ге жуық жастар қатысты. Марафон Гигант ауылынан М.Шоқай орталық алаңына дейін жетті. Жастар марафоны арқан тартыс, гір тасын көтерумен жалғасын тапты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<