Бұл туралы кеше облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Сырдария ауданы әкімі Ғ.Қазантаев мәлімдеді.
«Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,3 есеге ұлғайып, 6503 шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тереңөзек кентінің Аманкелді Иманов және Нәлқожа Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса жоғарыда аталған тұрғын үй кварталында салынуға тиісті 9 үйдің екеуі, яғни 3 қабатты 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде,- деген аудан басшысы Қалжан ахун мешіт медресесін қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, жыл аяғына дейін бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілетінін айтты. Баспасөз брифингінде аудан әкімі ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыс ауқымды екенін атап өтіп, бұл Елбасының сындарлы саясаты мен тұғырлы Тәуелсіздігіміздің жемісі деді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<