Аурухана тегін қызметке ақы алып келген

394

0

Аурухана тегін қызметке ақы алып келгенШиелі аудандық прокуратурасы аудандық амбулаториялық ауруханасында бірқатар заңсыздықтар орын алғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл келеңсіз жағдай емдеу орнын тексеру барысында белгілі болған. 2016-2018 жылдар аралығында мұғалімдер аталмыш ауруханада бірқатар дәрігерлерден ақы төлеу арқылы тексеруден өткен екен. Атап айтқанда, ұстаздар терапевт, дерматовенеролог, гинеколог секілді медицина мамандарына ақылы түрде қаралған.
Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ботагөз Сейілдің айтуынша, заңдылық бойынша ол қызметтер тегін жүргізілуі тиіс. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде ұстаздарға 2,7 млн теңге көлеміндегі ақша қайтарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<