Ауылшаруашылық мамандарының басқосуы

340

0

Ауылшаруашылық мамандарының басқосуы Кеше Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов төрағалығымен «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің және Қызылорда облысының ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының қатысуымен жиын өтті.
Аталған жиынға ауыл әкімдері, шаруа қожалықтарының төрағалары , кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдерінің, кәсіпкерлер палатасының және несие серіктестіктерінің мамандары қатысты.
«Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлерде атқарылған жұмыстары жөнінде аталған бірлестік төрағасының орынбасары Ж.Өмірзақов баяндап, ауданнан өкілдер сайлау мәселесін көтерді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидасына енген өзгерістерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Н.Ниязбеков түсіндірді.Сондай-ақ, кредит беру және кредиттерге кепілдеме беру мәселелері жөнінде мәліметтер берілді.
Шаруа қожалықтарының төрағалары мал шаруашылығына байланысты жергілікті жердегі жем-шөп, су мәселелері бойынша туындайтын қиындықтарды айтып, сауалдарын қойды. Қойылған сұрақтар бойынша тиісті мамандар жауап берді.
Жиын соңында бірауыздан Арал ауданы бойынша «Қазақстан фермерлер одағы» бірлестігінің төрағалығына «Берекет» шаруа қожалығының төрағасы К.Жайназаров сайланды. Сонымен қатар аталған бірлестікке мүше ретінде бірнеше азамат ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<