Ауылшаруашылық жерлерді тиімді пайдалану керек

746

0

Ауылшаруашылық жерлерді тиімді пайдалану керек Қазір Қазалы ауданы меншігінде 1 млн 556 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жер бар. Оның 22500 гектары егістік жерлер.
Негізінен, егін және мал шаруашылығын дамыту үшін алдымен ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануымыз керек.
Сондықтан, бірінші кезекте кезінде айналымнан шығып қалған 4720 гектар ауылшаруашылығы жерлерінің бойындағы каналдарды құжаттандырумен айналасып жатырмыз. Өйткені, каналдарды тазалау үшін олардың құжаттары дұрыс болу қажет.
Өткен жылы 120 дана су нысанының (22 дана шаруашылық, 98 дана ішкі шаруашылық каналдары) құжаттары әзірленіп, республикалық меншікке өткізілген болатын. (79,4 млн. теңге)
Ал, биыл 940 дана (4 дана ішкі шаруашылық каналы, 474 дана карталық су арықтары, 462 дана карталық су тастау жүйелері) су нысанының құжаттары әзірленіп, республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 74 млн. теңге бөлінді.
Сонымен бірге, биыл пайдаланылып отырған егістік жерлерінің бойындағы 1391 дана (4 дана шаруашылық, 90 дана ішкі шаруашылық, 623 дана карталық су арықтары, 495 карталық су тастау жүйлері, 179 дана қашыртқы) су нысандарының жер актісін әзірлеуге облыстық бюджеттен 73 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жасалуда.
Осылайша, біз аудан меншігіндегі барлық су нысандарын республикалық меншікке өткіземіз. Содан кейін оларға рет – ретімен механикалық тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.
Егер, аталған каналдардың барлығы тазаланса пайдаланылмай тұрған 4720 гектар егістік жерлері 100 пайыз айналымға қосылып, ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі артады деген жоспарымыз бар.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отыр.
Бүгінгі күнге дейін жер учаскелерін пайдаланбаған 15 жеке және заңды тұлғадан 3617 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді есептеймін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<