Халықаралық ауыр атлетика федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты алты ірі жарыстың өтпей қалғанына байланысты Олимпия ойындарының іріктеу кезеңіне өзгерістер енгізді деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Енді 30 сәуірден кейін өтетін додалардың уақыты ауыстырылмайды. IWF атқарушы кеңесі Лозаннада ауыр атлетика федерация президенті қызметін атқарушы Уруслы Папандреаның жетекшілігімен өткен екікүндік отырыста осындай шешім қабылданды.
Іріктеу кезеңдеріне енгізілген өзгеріс Халықаралық Олимпиада комитетіне мақұлдауға жіберілді. Мақұлданған жағдайда іріктеу кезеңі туралы толығырақ хабарланатын болады.
2018 жылдың 1 қарашасында жаңа іріктеу кезеңі басталғанда спортшылар ең кем дегенде алты айлық кезеңде алты жарысқа қатысуы тиіс болатын. Атап айтқанда, 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың сәуіріне дейін, 2019 жылдың сәуірінен қазанына дейін, 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңдерге бөлінген-ді.
Сондай-ақ спортшылар әлем чемпионаты мен құрлықтық біріншіліктерге де қатысу керек болатын. Бірақ коронавирус індетіне байланысты наурыз-сәуір айларында бес құрлықтық біріншілік пен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпей қалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<