Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің теңгеріміндегі Р-12 шаруашылықаралық каналының механикалық тазалау жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда аталған нысанда 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, 3 экскаватор және 2 ауыр жүк тиегіш көлігі жұмыс атқаруда. Жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.
«Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіровтың айтуынша, механикалық тазалау жұмыстары ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының қолдауымен жүзеге асырылуда. Р-12 каналы арқылы ауданның егістік алқаптарының шамамен 40 пайызы сумен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, өткен жылғы су тапшылығын биыл қайталамау мақсатында дәл осы каналды тазалау жұмыстары бірінші кезектегі міндет ретінде айқындалып, күн тәртібіне қойылғаны айтылды. Бұл жұмыстар егіс алқаптарын уақытылы әрі тұрақты сумен қамтуға мүмкіндік береді.
Аудан басшысы Айтбай Жандарбеков механикалық тазалау жұмыстарын су алу маусымы басталғанға дейін толық аяқтауды тапсырып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі






