Аудан әкімі стадиондағы жөндеу жұмыстарын бақылады

466

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентіндегі орталық стадионға барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына мән беріп, құрылғылардың заманауи талаптарға сай болуын және құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының сапасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

Қазіргі таңда жасыл алаң жаңартылып, стадиондағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Айта кетейік, жасыл алаң Қазақстан футбол федерациясының «ALAN» жобасы аясында жаңартылып отыр.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі