Аудан әкімі Ардақ Ибраимов кенттегі кәсіпкерлік нысан құрылыстарының жүргізілу тәртібімен танысты.
«Кент келбетін сақтау үшін бәрі белгіленген талапқа сай болуы керек. Қызыл сызықтан асып, рұқсатсыз құрылыс жүргізуге жол берілмейді», – деді А.Ибраимов.
Осыған орай, аудан әкімі тиісті сала жетекшілеріне заңсыз құрылыстарға жол бермеуді, қызыл сызық талаптарын қатаң бақылауды және құрылыс салушылармен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен санитариялық тазалық мәселесіне де назар аударып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Жалағаш ауданы әкімдігі






