Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

16

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов кезектілік тәртібімен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудан әкімі әрбір азаматтың көтерген мәселесін мұқият тыңдап, кейбір сауалдар сол сәтте жауапты сала басшыларының қатысуымен талқыланды. Ал жекелеген өтініштер тиісті мекемелерге жолданып, заң шеңберінде шешу жолдары қаралатыны айтылды.

Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғындар өтініштерінің назардан тыс қалмайтынын және олардың орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі