Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен шағын құрамда мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттің орындалуы қаралды.
2025 жылдың 9 айындағы ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасты.
Өнеркәсіп өндірісі 25,5 пайызға артып, 30 млрд 382 млн теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 15 млрд 516 млн теңге болып, 101 пайызға орындалды.
Ауыл шаруашылығы өнімі 23 млрд 685,1 млн теңгені құрап, 101,1 пайызға жетті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд 959 млн теңге болып, 111,9 пайызға өсті.
Бөлшек сауда көлемі 3 млрд 81,6 млн теңге, 100 пайызға орындалды.
108 жеке тұрғын үй пайдалануға беріліп, 17 648 шаршы метр тұрғын үй көлемі қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7% құрады.
Аудан әкімі жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштерге толық қол жеткізуді тапсырды. Қаржыны тиімді жоспарлау, оның сапалы әрі уақтылы игерілуін қамтамасыз ету, экономикалық көрсеткіштерге нақты бақылау орнату қажеттігі баса айтылды.
Жиын қорытындысымен тиісті сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.






