Күнделікті өмірде науқастарға күтім жасау науқасқа көмек көрсету, олардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Оларға тамақтану, сусын беру, жуыну, қозғалу, ішек пен несеп жолдарын тазалау жатады.
Науқастың күтімі – бұл жан-жақты қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын жағдайлар, көмек. Сондықтан күтімнің әсері өте зор деп есептеледі. Медицина мекемесіндегі күтім медицина қызметкерінің міндеті болып есептеледі. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті де талап етеді.
Халі ауыр науқастарға мейіргерлік күтім жасауға мыналар кіреді: төсекте жайлы қалыпты – «төсек жайлылығын» қамтамасыз ету, төсек және іш киімді уақтылы ауыстыру, ойылудың алдын алу және оларды өңдеу (бар болса), ауыр науқастың тері күтімі, мұрын шырышты күтімі, науқастың ауыз қуысын күту, көзді, есту жолдарын және т. б. өңдеу.
Сондай-ақ, ауыр науқаспен тілдесу кезінде мейірбике оны мұқият қадағалап отыруы өте маңызды: оның мимикасы, интонациясы, дене қимылдары сөзден гөрі көп нәрсені білдіреді. Оның ауырсынуды (қай жері және ол қашан пайда болатынын), қызуы көтірелгенін, қалтырауын, үрейленетінін, ыңғайсыздықты, бас айналуын сезінетінін, пациент су ішкісі немесе тамақ жегісі келе ме, соны білу керек. Оның негізгі физиологиялық көрсеткіштерін: дене температурасын; тамыр соғысын; қан қысымын; тыныс алу қозғалысының жиілігін; физиологиялық күйін бақылау қажет.
Ойық жараларын емдеу және алдын алу
Науқастың терісін сүрту үшін дезинфекциялық ерініндіге малынған салфетканы пайдаланамыз. Алдымен науқастың мойын бөлігін. Құлақтың сыртқы бөлігін, көкірек клеткасының алдыңғы жағын және қолтық астын сүртеміз. Әсіресе емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше назар аударған жөн. Содан кейін басқа салфеткамен науқасты қырындатып арқа бөлігін сосын аяқтарын сүртеміз. Қажетіне қарай тырнақтарын аламыз. Күтімі нашар болып организм күрт әлсірегенде дененің қысым түскен бөлігінде ойық жаралары пайда болады. Ойылған жер дегеніміз үстіңгі кейде тереңдеп жайыла түсетін беткі тканьнің жансыздануы. Ойылатын жерлер әдетте сегізкөздің, жауырынның, үлкен ұршықтың, шықтақ тұсынан пайда болады. Ойықтың үлкеюі науқастың қиын жағдайда жатып сол жердің қан айналысының бұзылуынан болады.
Ойылудың даму кезеңдері:
1-ші кезең. Церкуляторлы бұзылулар кезеңі. Бұл кезеңде шекаралары анық болмаған көгерулермен сипатталады.
2-ші кезең. Некротикалық өзгерістер кезеңі. Некторикалық процестердің дамуымен сипатталады.
3-ші кезең. Жазылу кезеңі. Жартылай немесе толық эпителизациямен сипатталады.
Ойық жарасының асқынуына байланысты 4 дәрежесі болады.
Ойық жараларды емдеу ойықтың дәрежесіне байланысты жүргізіледі. Емді бірінші дәрежеде бастаған аса маңызды. Бірінші және екінші дәрежедегі ойық жараларды консервативті емдеуге болады. Бұл үшін жараны антисептикалық өңдеу жүргізіп және май жақпалар қолданылады. Мұндай әдіс терінің эпителизациясын күшейтеді.
Бірінші дәрежелі ойық жарада зақымдалған жерді балаларға арналған иісмай жағып, ультракүлгін сәулелерімен емдік сеанс жасаймыз. Теріде мацерация пайда болса брилиант көгімен өңдейміз, жиектеріне солкоцерил майын жағамыз. Теріні уқалауға болмайды.
Екінші дәрежелі ойық жара пайда болған жағдайда,жараны күніне бірнеше рет фурациллинмен жуып солкоцерил, левомеколь майымен таңғыш қойып қоямыз. Жараның бетінде көпіршіктер пайда болса микробқа қарсы антисептиктер көгімен сүртіп құрғақ таңғышпен жауып қоямыз.
Үшінші және төртінші дәрежелі емнің түрі-бұл хирургиялық ем. Іріңді жараны санациялау үшін антисептиканың барлық түрлерін қолданады: механикалық, химиялық, биологиялық, физикалық.
Экзогендік ойықтың алдын алу үшін гипс таңғышының, емдік шинада, жабысқақ пластырь қолдану кезінде терінің дөрекі және ұзақ басылуын жоямыз. Жарада тұрған дренаж түтіктерін, катетерлер, асқазан зондын үнемі орын ауыстырып отыру қажет.
Эндогенді ойықтардың пайда болуының алдын алу үшін науқастың қалпын әрбір 1,5-2 сағат сайын өзгертіп отыру керек. Қалып түрлері науқастың жағдайына және ауру түріне қарай жасалынады. Науқас төсекте өз бетінше қалпын өзгертетін болса, ол науқастың қалпын өзгертпейміз. Тек өз еркімен қимылдай алмайтын науқастардың төсетегі қалпын өзгертеміз. Арнайы тірегіштермен арқасына, аяқтарының арасына, қолдарына білекшелер қолданамыз.
Ойық жараға қарсы арналған гофрирленген беткейі бар матрасты қолданамыз. Тері жағдайын күнделікті тексереміз бірнеше рет.
Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.
Алдымен залалсыздандырылған 2 науаны, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді дайындап аламыз.
Сосын іс әрекетке көшеміз:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін аламыз
2.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексереміз
3.Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйямыз
4.Науқасты Фаулер қалпына орналастырамыз.
5.Науқастың басын қырына қарай бұрамыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабамыз, астыңғы иегінің астына науаны қоямыз.
6. Қолымызды №151 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіреміз. Қолғаптарды киеміз.
7.Науқастың тіс протездері болса, оны алып тастаймыз
8.Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартамыз
9.Оң жағын да осы реттілікпен тазартамыз
10.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргіземіз
11.Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартамыз. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртеміз
12.Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартамыз
13.Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға саламыз
14.Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шаямыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуамыз.
15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртеміз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаймыз.
16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламыз.
17.Қолғапты шешіп, қолымызды жуып, құрғатамыз.
Ескерту:
Ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар;
Халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.
Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.
Индира Ережімбетова,
Көпбейінді қалалық ауруханасы,
Жансақтау бөлімінің аға мейіргері.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<