Айнұр Тұрсынбаева босанғаннан кейін жатыр мен ішті қалыпқа келтірудің жолдарын айтты

1120

0

Айнұр Тұрсынбаева босанғаннан кейін жатыр мен ішті қалыпқа келтірудің жолдарын айтты Айнұр Тұрсынбаева жаңадан босанған әйелдерге кеңесін айтты. Ол босанғаннан кейін жатыр мен ішті қалыпқа келтірудің, сондай-ақ, бет терісінде пайда болатын қара дақтардан арылудың жолдарын атап берді, деп жазады Stan.kz.

Айтыскер ақын ең алдымен, толғағы қысқан әйелдің барлық дұғасы қабыл болатынын еске салды. 

«Мен босанған жылдары әйтеуiр бала туа салысымен iшке мұз қойып қоятын, жатыр тез орнына түседi деп. Ол пәле бүкiл денеңдi мұздатып естi шығаратын едi. Қазiр америкалық ғалымдардың оқып, зерттеуiнен кейiн жана туған баланы қоятын болыпты ғой. Жатырды тез орнына түсiре алатын жас сәбидiң жып-жылы денесi екен. Құдай-ау оны Америкадан сұрамай-ақ, апалардан неге сұрай салмаған?! Бұл бiздiң оқымаған әжелердiң сонау ғасырдан қолданатын тәсiлi екен ғой. Айтпақшы, баладан кейiн қалып кететiн iштi жұмыртқаның сарысы жақсы кетiредi екен. Тек қана сарысын жақсылап жағып, сыртынан целлофанмен, оның сыртын қалың орамалмен байлап тастап, 4-5 сағат жүру керек екен. Бұл да апалардың тәсiлi!» – дейді Тұрсынбаева. 

Ақынның мұндай тақырыпта «қалам тербеуі» бекер емес. Тұрсынбаевадан жас аналар кеңес сұрап, жиі хат жолдайды екен. Өзінің бала туғанына біршама жылдың жүзі болса да, Айнұр бар білгенімен бөлісуге тырысты.

«Жас босанған әйелдiң сүтi бетке ең керемет маска екен. Терiнi жұмсартып, ағартады екен. Яғни түрлi дақтарды кетiруге болады. Және 40 күнге дейiн терлеген сайын бетiңiздi қайта-қайта сүртiп отырсаңыз, қара дақты да кетiре алады екенсiз! Мiне солай! Айтпақшы бала емізіп жүрген әйелдер –  емізіп отырған кезде денесі босаңсып отырады, осы уақытты да армандауға арнаған абзал. Алла толғақтарыңызды жеңіл қылып, дені сау, иманды ұрпақты дүниеге әкелуді нәсіп етсін», – деп түйіндеді сөзін ол. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<