Қазақстан Ресейден құс еті, жұмыртқа, қауырсын әкелінуіне уақытша тыйым салды. Оған Ресейдің Орлов, Ростов, Нижегород облыстарындағы тараған құс тұмауы себеп болған.
Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Ветеринарлық бақылау комитеті мен Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі ҚР аумағына тірі құс пен инкубациялық жұмыртқа, жылу өңдеуінен өтпеген (кемінде 70 градус Цельсий) қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығының өнімдері, құстарға арналған дем мен азықтық қоспалар, таксидермиялық өңдеуден өтпеген аңшылық олжалардың әкелінуіне уақытша шектеу қойды. Сонымен қатар Ресейдің жоғарыда аталған облыстарынан құс асырауға, союға және мүшелеуге арналған құралдардың бұрын қолданыста болған түрлерінің әкелінуі де уақытша шектеледі», – делінеді Ресейлік ауыл шаруашылық бақылауының хабарламасында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<