Облыстық кітапханада 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Азаттыққа ұмтылған арыстар» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Шараға А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Жаңагүл Байғараева, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің мұғалімі Айсұлтан Ибраев және студент-жастар қатысты.
Қонақтар қуғын-сүргін көрген ұлт зиялылары және ашаршылық құрбандары жайлы тарихи мәліметтер айта келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне орай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін құрылған комиссия жұмысына да тоқталды.
Соңында «Нәубет жылдар – халық қасіреті» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.
«СБ» ақпарат





