2018 жылғы 11-12 қазан күндері Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында облыс әкімдігінің мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өтті. Тестілеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы арқылы жүргізілді.
Тестілеу жұмыстарына облыс әкімі аппараты, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері, барлығы 100 адам қамтылды.
Яғни, С1-жоғары деңгей бойынша – 14, В1-орта деңгей бойынша – 58 және В2-ортадан жоғары деңгейге 28 адам қатысты.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<