Азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді

710

0

Кеше «Amanat» партиясы Қазалы аудандық филиалы, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімі және басқа да тиісті сала қызметкерлерімен бірлесе отырып, Әйтеке би кентінде орналасқан ірі және шағын сауда орындарында азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстары барысында тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік өнімдері бағаларын шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баға негізсіз көтерілген жағдайда кәсіпкердің өзіне шара көрілетіндігі ескертілді.

Шара барысында кәсіпкерлер тарапынан бағаны тұрақтандыру бағытындағы ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<