Б.Ердәулетовті еске алуға арналған спартакиада өтуде

138

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев медицина саласының еңбек сіңірген дәрігері Бектас Ердәулетовті еске алуға арналған медицина қызметкерлері арасындағы аудандық спартакиаданың ашылуына қатысты.

Аудан әкімі медицина саласын дамытуда Б.Ердәулетовтің еңбегі зор екенін атап өтті.

– Арда азаматтың жүріп өткен жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Алтын қолды дәрігер жылдар бойы «Хирургия» бөлімшесіне жетекшіліп етіп, іргелі ұжымның жұмысына серпін берді. Ізетовтер әулетінің мақтанышына айналған ардақты жанның есімі нәтижелі істерімен ел жадында сақталады. Өйткені оның алдына көмек сұрап келген әрбір адам науқасқа деген ерекше мейірімін көрді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Спорттық іс-шарада «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Сәулебек Ысқақов, аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Еркін Жаңабайұлы, Бектас Ізетұлының ағасы Шыңтас Ізетов өз естеліктерімен бөлісіп, медицина саласын дамытудағы еңбегін айтып өтті.

Медицина қызметкерлер арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 7 команда, 150-ге жуық қызметкер спорттың 6 түрінен қатысуда.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<