ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы және қалалық «Айтбай» мешітінің бірлесуімен қаламыздағы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тəрбиеленушілеріне мерекелік дастархан жайылды.
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған игі шараға арнайы келген ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы балаларды мерекемен құттықтап, тəрбиелік насихаттар айтып, ақ батасын берді. «Айтбай» мешітінің бас имамы Н.Керімбеков мешіт ішін аралатып, қонақтарды тарихи құлшылық орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Шара соңында балаларға сыйлық кітапшалар тарту етілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<