Банк картасы сияқты: Жапондықтар әлемдегі ең жіңішке смартфонды шығарды

391

0

Банк картасы сияқты: Жапондықтар әлемдегі ең жіңішке смартфонды шығардыЖапондық Kyocera компаниясы қалыңдығы 5,3 миллиметрлік ұялы телефон жасап шығарды. Мамандар оның банк картасына ұқсайтынын айтуда деп хабарлайды fakty.com.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Kyocera KY-O1L үлгісіндегі смартфонның қуаты оны қолдануына қарай екі күнге дейін жетеді екен. Мұндай үнемдеуге телефонныі кішкентай диагональды дисплейі де әсер еткен көрінеді.

Жаңа телефон сатылымға 2018 жылдың қарашасынан бастап қойылады. Ол әзірге әлемдегі ең жұқа гаджет болып тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<