Бас штаб комиссиясының бақылау тексерісін жүргізді

580

0

Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау тексерісі Мемлекет басшысының әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жаңа пішіндеөтуде

Қарулы күштер Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов Қызылорда гарнизонында жұмыс сапарымен болып, «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында әскерлерінің бақылау тексерісін тапсырубарысын тексерді.

– Бақылау тексерісі әрбір әскери бөлімнің жауынгерлік қабілетін жан-жақты бағалауға, оның ішінде бөлімшелерді ұзақ қашықтыққа жеткізу дайындығын, командирлердің басшылық ету және өз бетінше шешім қабылдаудағы іскерлігін жан-жақты бағалауға, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегімашығын бағалауға мүмкіндік береді, – деді генерал-майор Дәулет Оспанов.

Әскерлердің арнайы операциялар кезінде заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес жүргізуде басқа күштік құрылымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру қабілетін тексеруге баса назар аударылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<