Бауыржан Байбек праймериз туралы: Бәрі де игілікке жетті

936

0

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайлау учаскесіне арнайы барып өз таңдауымды жасадым. Бір жағынан дауыс беру процесінің ұйымдастырылу деңгейін де байқап көрмек болдым. Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan»-ның партияішілік сайлауы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық ауқымда өтуде. Бұл – Елбасы бастамасымен қолға алынған партияны «қайта жандандыруды» түйіндейтін кезеңнің бірі. Бүгінгі таңда адамдар қоғам өміріне белсенді атсалысқысы келеді. Өзгерістерге, жаңа тұлғалар мен тың идеяларға деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің жетекші саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы ел сұранысын дер кезінде қанағаттандырып отыр. Бастапқыда туындаған күмәнға қарамастан, бүгінде праймериздің өз деңгейінде өтіп жатқанын нық сеніммен айтуға толық негіз бар», – деп жазды Б.Байбек желідегі парақшасында.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<