«Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің спорт алаңында Байқоңыр кешеніндегі құқық қорғау органдары арасында шағын футболдан турнирдің жалауы желбіреді.
Турнирге Байқоңыр қаласындағы №13 өрт сөндіру бөлімі, Байқоңыр қалалық соты, ҚР ІІМ-нің Мамандандырылған күзет қызметі Басқармасы мен ҚР ІІМ-нің Қылмыстық атқару жүйесі комитеттерінің Байқоңыр қаласындағы бөлімшелері және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің құрама командалары қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы полиция полковнигі Ахметов Алтынбек сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.
Турнир екі күн өтіп, қатысушылар өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде 1 орынды Байқоңыр қаласындағы №13 өрт сөндіру бөлімі иеленсе, 2-ші және 3-ші орындарды ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің құрама командалары өзара бөлісті. Турнирде «Үздік қақпашы» номинациясында Кезекші бөлімнің полицей жүргізушісі полиция аға сержанты Нұрашов Рамазан, «Үздік шабуылшы» Уақытша ұстау изоляторының полицей жүргізушісі полиция аға сержанты Бабиков Руслан және «Үздік ойыншы» ретінде Байқоңыр қаласы №13 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Жақсыбай Рамазан анықталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<