Берекеге айналатын бастама

454

0

Берекеге айналатын бастама Қазақстандағы суармалы жер­лердің басым бөлігі оңтүстік облыс­тарда орналасқан. Біздің облыста 286 мың гектар суармалы жер болды. Ол біздің алтын қорымыз саналады. Өйткені, ол жерлерден суарылмайтын алқаптармен салыстырғанда анағұрлым көп өнім алып келдік. Кешегі тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиын жылдары оның бәрін игеру мүмкін болмай қалды да қазір соның 185 мың гектарын ғана пайдаланудамыз.

Енді Президент тапсырмасына сай алдағы уақытта оның көлемін 300 мың гектарға жеткізу міндеті тұр. Бұл, әрине, оңай шаруа емес, көп күшті, қаржыны талап етеді. Алайда, оны жүзеге асырғаннан кейін пайдасы мол болмақ. Егер де 185 мың гектар жерді игеру барысында қаншама адам жұмыспен қамтылып отырғанын ескерсек, оның көлемі 300 мың гектарға жеткенде қанша адамға жұмыс табылатынын шамалай беріңіз. Бұл – елдің құт-берекесін арттыруға жасалып отырған қадам.

Қазіргідей егіншілік технология­лары, жылыжай өнеркəсібі қауырт дамып келе жатқан заманда көкөніс өсіру ісімен əр өңірде шұғылдануға болар еді. Тек бұл үшін суармалы жер болуы қажет. Суармалы жерлердің тағы бір үлкен артықшылығы, суарылмайтын алқапқа қарағанда өнімді бірнеше есе артық бере алады. Яғни, экономикалық тиімділігі де орасан зор.

Серікбай САҒЫМБАЕВ,

сала ардагері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<