Бетті тұмшалайтын киім-кешекті кигендерге қандай айыппұл салынады?

333

0

Бетті тұмшалайтын киім-кешекті кигендерге қандай айыппұл салынады? Елімізде бетті тұмшалайтын және экстремистік киім-кешекті киген азаматтарға 50 АЕК-ден (120 250 теңге) 500 АЕК (1 202 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салыну ұсынылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Аталған заң жобасында бетті тұмшалайтын және экстремистік киім-кешекті киген азаматтарға салынатын айыппұлдың мөлшері көрсетілген.
«Деструктивті діни ағымдарға жататындығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, киіп жүру және тарату – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға – 50 АЕК (120 250 теңге), 100 АЕК (240 500 теңге) мөлшерінде айыппұл жасауға алып келеді. Егер аталған әрекет бір жылдан кейін қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (481 000 теңге), лазауымды адамдарға 300 АЕК (721 500 теңге), қызметіне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға 500 АЕК (1 202 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», – делінген аталған заңның мәтінінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<